17 Наурыз 13:46

Сейфулллин Жолбарыс: Халықтан кешірім сұрауға міндетті емеспін

Фото:

Біраз уақыт бұрын әнші Сейфуллин Жолбарыстың дүкендегі сатушымен ұрысқан сәті желіге тарап кетті. Сатушыны балағаттаған әнші бұл әрекеті үшін үшін халықтан кешірім сұрауға міндетті емес екенін айтты. Әнші араға уақыт салып оқиғаның қалай аяқталғанын НТК Show бағдарламасында айтып берді.

Алматы, NEGE. Сейфуллин Жолбарыс біраз уақыт бұрын келеңсіз жайтқа тап болды. Әнші дүкенде сатушы жігітпен ерегесіп, балағат сөз айтты. Бұл сәтті әлдекім видеоға түсіріп алған. Кейін желіде жария болды. Жолбарыс мырза өзін танымаған сатушы жігітке ашуланып, өзінің кім екенін дәлелдемек болды.

Іс соңы сотқа дейін жеткенімен, жабылып қалған екен. Әнші азғантай айыппұл төлеп құтылған. Бұл әркімнің басында болатын жайт деді өзі.

“Бұған жай ғана келеңсіздік, түсініспеушілік деп қана қарау керек. Кім ұрыспай жатыр? Кім дүкенде сатушымен ұрыспайды? Бұл жай ғана қолдан жасалған нәрсе. Әдейілеп түсірген. Сатушының түсіріп тұрғаны емес. Ол да білмейді видеоның қалай желіге тарағанын. Бастысы оның маған, менің оған ренішім жоқ. Сондықтан іс тоқтатылды. Бұл менің жеке өмірімде болып жатқан оқиға. Мен сахнада біреуді балағаттап, артынан қуып жүрген жоқпын. Бұл сахнадан тыс болып жатыр. Сондықтан ол үшін халықтан кешірім сұрамаймын. Сұрауға міндетті емеспін”, – деді әнші.

“Мен осы видео үшін алғыс айтар едім. Мені видеодан көрген режиссер киноға шақырды. Әжептеуір бір рөлді ойнадым. Осы видеодағыдай кейіпкерді сомдадым. Бұл келеңсіздіктің өз жақсылығы болды. Сондықтан видеоға түсірушіге рахмет айтамын”, – деді Сейфуллин Жолбарыс.

Тегтер: