Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда тұрақты тұру мақсатында Қытай Халық Республикасынан 2,6 мың адам көшіп келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға артық, сондай-ақ соңғы сегіз жылдағы максимум.
Астана, NEGE. Қытай азаматтарының иммиграциясы екінші жыл қатарынан жоғары деңгейді көрсетуде. 2021 жылы көпжылдық минимум – 249 адам тіркелгеннен кейін бұл көрсеткіш күрт өскен. Алайда өткен жылдардағы ең жоғары көрсеткіштермен салыстырғанда, қазіргі көрсеткіштер төмен болып отыр. Мысалы, 2008 жылы келгендер саны 6,3 мыңға жеткен.
Қытайдан қоныс аударғандардың барлығы дерлік – этникалық қазақтар. Олар тұрақты тұру үшін көбіне Алматы және оның маңайындағы облыстарды, сондай-ақ Астананы таңдаған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанға тұрақты тұруға барлығы 23,8 мың адам көшіп келген. Қоныстанушылар арасында Қытайдан бөлек, Өзбекстан мен Ресей иммигранттары басымдыққа ие болып отыр. Бұл ретте айта кетерлігі, Ресейден келетін иммигранттар саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда 41%-ға азайған.
Қазір оқып жатыр
Нұрлан Сабуровтың әйелі де Қазақстанға көшіп келген
«Аяғы шайналып кетті»: Қызылордада ойын-сауық саябағында жас жігіт ауыр жарақат алды
«Енді тек түсіндірумен шектелмейміз»: заңсыз жұмыс істеп келген саудагерлерге қатаң ескерту жасалды
Маңғыстауда қарақұрт қаптады: ауруханаларда уға қарсы сарысу жеткіліксіз