USD
USD
USD

Левиттің ақталуы: «Бір өзіме соққыларға төтеп беру қиын...»

Токиода қарсыласынан нокаудпен жеңіліп қалған Василий Левит әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне рахмет айтып, ақталғандай болды.

Левиттің ақталуы: «Бір өзіме соққыларға төтеп беру қиын...»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол былай деп жазды: «Парақшама жазылған оқырмандарым мен жанкүйерлеріме мен үшін қиын кезеңде қолдау көрсеткені үшін рахмет айтқым келеді!

Сіздермен жеңістің қуанышын бірге көріп, жеңілістің ащы дәмін бірге татып келеміз. Спорт – менің өмірім. Боксшыларда мынадай нақыл сөз бар: ешқашан құламаған адам орнынан тұрған да емес.

Мұны өз мақсатына қарай ұмтылып келе жатқан кез келген адамға айтуға болады. Бір өзіме соққыларға төтеп беру қиын, алайда осыншама қолдауды сезгенде бұл өмірде жалғыз емес екеніңді түсінесің! Менің жеңісім мен жеңілісімді бөлісетін отбасым, туғандарым ет жақындарым, қымбатты жанкүйерлерім бар, олардың жылы сөздерін естігенде өмірдегі ең қымбат нәрсе – сені түсінетін және саған сенетін адамдар екенін ұғынасың».

Алайда В.Левит Токио төрінде өзіне не нәрсе жетпегенін айтпапты. Көпшілік оның жасы келгенін сөз етіп жатыр. Левиттің жасы биыл 33-ке шықты.  

Қазір оқып жатыр

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Дипфейк