25 Тамыз 12:38

Қыз көтерген...

Фото:

Қазақта «Тұз ауыр ма, қыз ауыр ма?» деген бір сөз бар. Мұны әдетте тұз көтеріп бара жатқандар қары талып, иінінен демалып тұрған сәттерде айтады. Сосын «әрине, тұз ауыр» деген байламға тоқтайды.

Ал лақтай бақыртып қыз көтергендер ешқашан мұндай сөзді айтпаған. Бірақ дәл мына жағдайдағы «салмақ» басқа. Өйткені қыз – «24 арнасының» тілшісі.

 

Айтпақшы, тұзға қатысты тағы бір тәмсіл бар. Араны ашылып, антикордың аузына түсіп кеткен шенеуніктер туралы ақпарат естісе, әріптестері: «Әттеген-ай, өзі де бір тұзы жеңіл жігіт еді» дейтін көрінеді, жандары ашып. Рас қой, қазір кім не жемей жатыр? Мынадай заманда «аузы былғанбаған» шендіні қайдан тапқандайсыз?!

Күзетшісі «қыз көтерген» Алатау әкімдігі енді «тұз» мәселесіне сақтықпен қарайтын шығар. Бірақ бұл әкімдіктің күзеті барлық жағынан мықты екен дегенді білдірмейді. «24 арнасының» тілшісіне жасалған қысастық әкімдіктің тірлігін 24 сағат бойы бақылауда ұстауға ілік болып тұр.

Сансызбай Нұрбаба, Алматы.

 

Тегтер: