26 Сәуір 11:56

Кажетта Ахметжанова, балгер: 16 одақтас республиканың 9-ы қайта бірігеді

Фото:

Мәскеуде тұратын белгілі қазақстандық балгер Кажетта (Екатерина) Ахметжанова бұған дейін де Nege.kz порталына екі мәрте арнайы сұхбат беріп, болашаққа деген болжамын жасаған еді.

Осы жолы балгер Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қашан аяқталатынын және Қазақстанның болашағы жайында ойын айтты.

«Соғыс өрт сияқты ауық-ауық лапылдап жанады»

Фото: CNN

– Көріпкел ретінде айтсам, Ресей мен Украина арасындағы соғыс әлі үш жылға созылады. Әзірге бітпейді. Соғыс өрт сияқты лапылдап жанады, қайта басылады. Осылай ауық-ауық қайталана береді.

Бұл кәдімгі от сияқты ғой.  Жанады, аздап басылады да, қайта күшіне мінеді. Екі елдің қарым-қатынасы қиын болады.

Қазір Ресейдің ақпарат құралдарында «Одессаны аламыз, тағы бір-екі қаланы басып аламыз» деп шулап жатыр.

Қазақстаннан да, Ресейден де кәсіби мамандар кетіп жатыр. Кеңес одағы кезінде әскери стратегияны жан-жақты білетін мамандар болған. Қазір осындай кәсібилер жоқ. Сондықтан бұл соғыс кем дегенде үш-төрт жылға созылады.

«Ресей Қазақстанды қосып алуға қатты күш салады»

Фото: ғаламтордан

– Екіншіден, Қазақстанның болашағы өзгереді. Сингапур мемлекеті сияқты көтеріледі. Бірақ оған дейін Ресей қайтадан Кеңес одағын құрғысы келеді. Яғни, 16 республиканың 9-ы қайта қосылады. Ресей Қазақстанды қосып алуға қатты күш салады.

Мұның экономикалық жағынан қалай боларын білмеймін, бірақ 9 республика қайта бірігеді. Бұлар – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, қысқасы Орталық Азия мемлекеттері 2028-2030 жылы қайта қосылатын шешімге келеді.

Сөйтіп, Кеңес үкіметі билігі қайта жанданады. Баяғы КСРО сияқты ғой. Бірақ құрылымы сәл басқашалау болады.

Одан кейін Қазақстанның экономикасы Сингапур мемлекеті сияқты көтеріледі. Бірақ дәл солай даму үшін халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету керек. Жастарды білім мен ғылымға бағыттау қажет. 2028 жылы Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде 3-4 орында болады. Жаңа қалалар, жаңа зауыттар салынады. Жаңа шешімдер қабылданады.

«Қазақстанды табиғи дағдарыс күтіп тұр»

– Бір өкініштісі, Қазақстанда экономикалық дағдарыстан кейін екі жерде табиғи дағдарыс болады. Яғни, су арналарының ластануы белең алады. Алайда, елде инвестициялық компаниялар жұмыс істеп, мұнай жағдайы шешіле бастайды. Алдағы жеті жылдың ішінде Қазақстанның әлеуеті жақсарайын деп тұр.

Егер қазір басшылар Ресеймен саясат мәселесінде дұрыс шешім қабылдамаса, Украинадағы соғыстың екінші толқыны Қазақстанда болуы ықтимал.

Ресей ол кезде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірдегі қалаларды аламыз деп соғыс ашуы мүмкін. Сондықтан да қазіргі билік соғыс өртін тұтатып жіберуі мүмкін түрлі арандатуларға жол бермеуі керек.

Тағы бір айта кетерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев тағы бір мерзімге президент болып сайланады және Қазақстан үшін жайлы басшы болады. 

Тегтер: