15 Сәуір 07:28

Ермұхамет Ертісбаев: Барлық қазақ соғысқа аттанады, ал олар мың-мыңдап жер жастанады!

Фото:

Саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновскийдің «Павлодарды түбі қайтарып аламыз» деген сөзіне қатысты Nege.kz тілшісінің сұрағына осылай жауап берді.

Мұның алдында Е.Ертісбаев еліміздің Бас прокуратурасын Жириновскийдің үстінен қылмыстық іс қозғауға шақырған-ды.

В.Жириновский

Nege.kz Ермұхамет Ертісбаевқа төмендегідей төрт сұрақ қойды. Жауап қысқа да, нұсқа болды:

– Жириновскийдің үстінен талап-арыз түсіруге дайынсыз ба?

– Талап-арыз беріп жатпаймын. Дебатқа шығуға дайынмын!

– Ал Федоров пен Никоновты қайда қоямыз, сонда?

– Әлгі никонов пен федоровтарға бірдеңе істеудің де қажеті жоқ.

– Соңғы кездері ресейлік саясаткерлердің қазақ жеріне көз алартуы Кремльдің ұстанған саясаты емес пе?

– Мұны Кремльдің шынайы саясаты деп ойламаймын. Олар өз жерін әлі алдағы 100 жылда да игеріп ала алмайды.

– Еліміздің солтүстігінде «жасыл адамдар» пайда болып жүрмей ме?

– Қазақстанның солтүстігінде «жасыл адамдардың» пайда болуы екіталай. Онда барлық қазақ соғысқа аттанады. Олар мың-мыңдап жер жастанады. 

Бұл тәуекелге тұрарлық нәрсе ме? Жоқ!

Тегтер: