28 Шілде 12:22

Азат Қалиоллаұлы, «Шұғыла» қоры қамқорлық кеңесінің мүшесі: Сабырсыз, ашуланшақ балалар қайдан шығады?

Фото:

Қоғамда өз ісін дабырайтып көрсетпей-ақ жұмыс істеп жатқан азаматтар баршылық. «Шұғыла» қорының астына жиналған бір топ кәсіпкер бірнеше жобаны жүзеге асырды. Қор мұқтаж жандарға көмектесіп қана қоймай, кейінгі ұрпақтың болашағына да алаңдаулы. Олар «Тұлға боламын» жобасы аясында балалар мен жастарды кітап оқуға шақырды. 

Nege.kz тілшісі «Шұғыла» қоры қамқорлық кеңесінің мүшесі Азат Қалиоллаұлымен әңгімелесті. 

– «Шұғыла» қорын құрудағы мақсат не? Қор қандай жобаларды жүзеге асырып келеді?

– Қордың мақсаты – қоғамның, әсіресе, жастардың саналы және салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлес қосу. Яғни, осы тұрғыда әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асырып, қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Ал қордың міндетіне келсек, қала және ауыл тұрғындарының ішінде жағдайы төмен отбасыларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсету. Сондай-ақ, сапалы білім алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға білім алу үшін қолдау жасау. Біз мұны мынандай баспалдаққа бөлдік. Бірінші, «Береке» жобасы – мұқтаж отбасыларға азық түлік тарату. Екінші, «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды киім-кешек және оқу құралдарымен қамтамасыз ету. Қор бұл жоба аясында жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға тамыз айларында мектепке қажетті құралдарды таратады.

Үшінші – «Білім жолы». Алматы облысындағы жағдайы төмен отбасыларындағы 6-10 сынып аралығындағы балаларға арналған қосымша білім алуға бағытталған жоба. Қазіргі таңда қор 23 оқушыға ағылшын тілі, математика, физика және орыс тілі пәндерінен білім беріп жатыр. Балалардың сабақ кестесіне байланысты аптасына 4 күн 2 сағаттық қосымша сабақтар өтеді.

Төртінші – «Жанұяға жанұя жылу сыйлау». Үйлерін қатты отынмен жылытатын жағдайы нашар отбасыларға көмір тарату шарасы. Бұл мезгілдік жобада бір отбасыға кем дегенде 1 тонна көмір жеткізіледі. Қор еріктілері көмірді көліктерге тиіп мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізеді. Қазақстан бойынша жыл сайын 2 мың тоннаға дейін көмір таратылады. Бұл – 60 вагон көмір. Сенсеңіз, көмірге бола үйін кепілдікке қойған жағдайды да көрдік.

Бесінші, «Алтынсарин» атындағы шәкіртақы. Бұл бағдарлама еліміздің барлық аймақтары бойынша оқуға қабілеті жоғары, бірақ әлеуметтік жағдайы төмен студент жастарға шәкіртақы тағайындау үшін жасалған. Еліміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Жас ұрпаққа білім беруге жағдай жасау – елінің келешегін ойлайтын әр азаматтың ел алдындағы борышы. Бұдан өзге церебалды сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыру бағдарламасы да сәтті жүзеге асуда. Осы сияқты айтылмаған талай жоба бар.

– Былтыр індет өршіп тұрған кезде оттегі концентраторын сатып алуға көмектескендеріңізді білеміз. Оған қаржы халықтан жиналды ма, әлде кәсіпкерлердің өзі сатып алды ма?

– Қазақстан бойынша екі аптада 450 млн теңге жиналып, Қытайдан әрқайсысын 104 мың теңгеге 4 мың оттегі концентраторы сатып алынды. Бізге кәсіпкерлер, қарапайым азаматтар да көмектесті. Бұл қордың айналасына жиналған үш-төрт кәсіпкердің ниетінен туған еді. Әп-сәтте үлкен жобаға ұласып кеткеніне қуандық.

– Ал «Тұлға боламын» жобасы қазіргі заманға ауадай қажет екен. Діттеген мақсат орындалды ма?

– Тəуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Шұғыла» қоры  демеушілердің қолдауымен, Дария Дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Тұлға болам» атты сайысын ұйымдастырды. Сайысқа 700 дей жүлде тігілген: шетелге саяхат, Стамбул университеттерін аралау, MacBook, iPad, Apple Watch жəне басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар. Ең бастысы, сайысқа қатысу тегін. Сайысты ұйымдастырудағы мақсат жастарды кітап оқуға құлшындыру, жалпы елде кітап оқу дағдысын жандандыру. Сол арқылы өзіміздің төл құндылықтарымызды санаға сіңіру.

Қазір ҰБТ тапсырып, оқуға түсетіндердің 85 пайызы қаланың балалары. Олардың көбі арнайы дайындық курсына барады. Ал дайындығы жоқ ауылдың балалары оқуға түсе алмай қалады. Жалпы, білімсіз, ойлана алмайтын балалардың саны көбейіп жатыр. Бұл біздің еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің мәселесі. Давоста өткен форумда Герман Грефтің тапсырысымен  баяндама жасаған зерттеушінің  пайымдауынша, біздің миымыз тек 2% дене пішінін алса да, 20% пайыз энергияны тұтынатын дене бөлігі. Миға таңдау құқы берілген кезде ол оңай затты таңдайды. Кино саласының мамандарының айтуынша, індетке дейін книотеатрға 5 млн көрермен келсе, оның 95 пайызы тек комедия көреді екен. Яғни, жеңіл дүниені тамашалайды. Қазіргі​ кезде​ біз​ «Гипер​ ақпараттық​ ортада»​ өмір​ сүріп​ жатқанымызды​ түсіне​ отырып, ми​ жүйесінің,​ қарапайым/ойландырмайтын​ ақпараттың​ көптігінен (смартфон,​ тв,​ электронды​ ойындар​ т.б)​ ақпарат​ ойлауға​ жауапты​ орталық​ ​ атқарушы​ желіге​ енбейді​ де, ми​ әдепкі​ жүйесінің​ жұмысын​ ​ тоқтатып,​ яғни​ мидың​ ​ ұйқыға​ кетуіне​ себепші​ болады. Осыған байланысты Инстаграмнан т.б ойландырмайтын ақпараттан​ шықпайтын адамдар стереотипті ойлайды, дамымай қалады.

Негізінен ми жүйесіндегі байланыс 25 жасқа дейін қалыптасады. Сол байланыстың мықты қалыптасуының арқасында жақсы тұжырым жасалады. Ал 25 жасқа дейін миға ойлану процесін қоспаса, цифрлық аутизмге шалдығады. Ондай балалар болашақты жоспарлай алмайды, ашуланшақ, сабырсыз болады, терең ойламайды.

Қазіргі​ кезде​ біз​ «Гипер​ ақпараттық​ ортада»​ өмір​ сүріп​ жатқанымызды​ түсіне​ отырып, ми​ жүйесінің,​ қарапайым/ойландырмайтын​ ақпараттың​ көптігінен (смартфон,​ тв,​ электронды​ ойындар​ т.б)​ ақпарат​ ойлауға​ жауапты​ орталық​ ​ атқарушы​ желіге​ енбейді​ де, ми​ әдепкі​ жүйесінің​ жұмысын​ ​ тоқтатып,​ яғни​ мидың​ ​ұйқыға​ кетуіне​ себепші​ болады. Осыған байланысты Инстаграмнан т.б ойлануға мұрсат бермейтін ақпарат алаңынан шықпайтын адамдар стереотипті ойлайды, дамымай қалады.

Белгілі жазушы М.Мағауин бір еңбегінде: «25 жасқа дейін оқылған кітап миға қонады, одан кейінгі оқығандар мидың сыртында қалып қояды» деген. Неге десек, қазір мағлұмат өте көп. Бәріміз интернеттің көмегіне жүгінеміз. Көп ойланбаймыз.

– Оның үстіне кішкентай балалардың қолына сағаттап ұялы телефон беріп қоятын ата-ана көп...

– Әлгі зерттеудің жалғасы ретінде мынаны айтқым келеді. Ресей, АҚШ, Еуропа елдері қатысқан зерттеу бойынша 8 жасқа дейінгі балалардың 40 пайызы үнемі ұялы телефонда отырады. 12 жастан кейін 70-80 пайызға артады екен. Бұл бізге де тиесілі. Осылайша, үнемі телефонда отыратын балалар мидың жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Яғни,​ бізде​ цифрлық​ аутизмі​ бар​ балалар​ пайда​ болды. Қазір бұл эпидемия​ жайылып​ кетті десек, артық​ айтпаспыз. ​Бүгінгі жастар​ бір-бірімен​ психологиялық​ байланыста​ бола​ алмайды,​ бір-бірінің​ ішкі​ әлеміне​ қызығушылық​ танытпайды​. Жылуды, мейірімді сезінбеген соң оның орнын басқа​ заттармен​ алмастыра​ бастады.​ Егер​ сіз​ телефонда күнделікті​ (интернет) 2-3​ сағаттан​ көп​ уақыт​ отырсаңыз,​ онда​ сізде​ қатыгез​ ойлар​ мен​ суицидке​ бейімділік​ артады. Бұл ойлана алмайтын, сәтсіздікке төзбейтін сабырсыз жастардың көбеюіне әкелді. Балаларды кітап оқуға баулу керек. Қазір интернет әр ауылға жетіп жатыр. Қала балаларына тән «індет» біртіндеп ауылға тарауда.

Алматы облысы ауылдарының мектептеріне барып дәріс өткіздік. Екіншіден, он бес шақты кәсіпкер балаларды кітап оқуға баулу жөнінде онлайн жобасын ұйымдастырды. Балаларды кітап оқуға баулуды сыйлық арқылы ынталандырмақшы болдық. 6 ай бойы бала сыйлық алу үшін жарысса, одан кейін кітап оқу әдетке айналады. Яғни, өздігінен кітап оқуға деген ынтасы ашылып кетуі әбден мүмкін.

Кезінде АҚШ-тың кәсіпкері Эндрю Карнеги тарихта екінші бай адам болып шықты. Ол 3 мың кітапхананың ашылуына демеушілік жасаған. Карнеги жинаған капиталының 95 пайызын игі іске жұмсаған. АҚШ-та 60 пайыз тегін кітапхананың ашылуының арқасында бұл мемлекет 20 жылдан кейін жетістіктер көшбасшысы болды. Әлі күнге дейін осы биіктен түспеді. Жапония, Оңтүстік Кореяда да солай. Бетбұрыстың көп болуы мемлекеттің жағдайын өзгертеді.

Яғни, ақпаратты​ тұтынудың​ өзгеруі​ әлемді​ байлар​ мен​ кедейлерге​ ғана​ емес,​ сонымен​ қатар​ ақылды​ және​ ақымақтарға​ бөледі,​ сонымен​ қатар​ коммуникациялардың​ өзгеруі​ цифрлық​ аутизмге​, эмоционалды​ интеллекттің​ төмендеуіне​ және​ сандық​ тәуелділіктің​ жоғарылауына​ әкеледі. Әлемнің​ дедонизмге​ бет​бұрысы,​ яғни,​ бірінші​ кезекте ләззат​ алу,​ болашақ​ бейнелерін​ құрастыру​ қабілетін​ қалыптастырмау,​ адамдардың​ өз​ сәтсіздігін​ көтере​ алмауына​ әкеліп​ жатыр. Мұндай​ адамдардың​ көбеюі​ экономикаға,​ өркениетке,​ қоғамға​ кері зиянын тигізеді.

–​ «Тұлға боламын» жобасына қанша бала қатысты? Балалардың кітап оқуға деген ынта-ықыласы көңіл қуантты ма?

– Қазір 50 мың бала қатысып жатыр. Ақтық сын өтті. 28 тамыз күні ақтық сынға жеткен балаларды марапаттаймыз. Бізге қолдау көрсеткендердің бәрі сонда болады. Келесіде бұл шараға 500 мың бала қатысса деген мақсатымыз бар. Ол үшін бұл ақпараттың әр балаға жетуіне қолдауларыңыз керек. Бізге тек ақпараттық қолдау қажет. Бұл қоғамның, ортаның өзгеруіне деген амал. Мұның бәрі жергілікті кәсіпкердің бастамасымен жүзеге асып келеді.

Қандай кітаптар оқылады? Сөз жоқ, әлемдік классиктерден​ бастау​ керек.​ Психология, бизнес​ және​ даму​ бойынша​ кітаптарды ғана​ емес,​ тарих​ сараптамасынан​ өткен,​ ақ​-қарасы​ сараланған,​ адамзаттың100​ жыл​ сынына​н өтіп, табиғи​ болмысына​ қайшы​ болмаған​ дүние​жүзілік​ классиктердің​ маңызды​ еңбегі көп. Соларды​ оқып​, толық​ адам,​ тұлға боп қалыптасуға болатынын заман ​дәлелдеді. Әлбетте, бұл қатарға қазақ классиктерін қосу керек.

Тіл ғалымы А.Байтұрсынов: ​«Балаға​ қай​ тілде​ білім​ берсең,​ түбі​ сол​ ұлтқа​ қызмет​ етеді» деген емес пе?! ​​«Ұлтқа​ қызмет – мінезден​» демекші,​ тарихын​ танымай,​ әдет​-ғұрпынан​ сусындамай,​ өз​ ұлтының​ тұлғаларымен​ таныспай,​ толық адам​ болуы қиын. Абай​ атамыздың​ дүние​танымы​ үш​ рухани​ бұлақтан​ құралады.​ Олар,​ қазақ​ халқының​ рухани​ әлемі,​ шығыстың​ рухани​ қазынасы,​ батыстың​ әдеби​ әлемі. 

Осылайша, классиктердің еңбегінде белгілі адамдардың тағдыры жазылады. Осындай еңбектерді оқып калыптасқан бала жүйелі түрде ойлана алатын, ақ пен қараны, шындық пен өтірікті ажырата алатын, мемлекетке, халқына қызмет ететін тұлға қалыптасады деген сенімдеміз.​

Тегтер: