Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Scat» ұшағынан тағы ақау шықты

«Scat» авиакомпаниясының «Нұр-Сұлтан – Атырау» бағытындағы ұшағынан ақау шықты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов мәлім етті.

«Scat» ұшағынан тағы ақау шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында «Scat» авиакомпаниясының «Нұр-Сұлтан – Атырау» бағытындағы 765-ші рейсі кешігуде. Кесте бойынша сағат 13.55-те ұшып шығуы тиіс болатын. Алдымен сағат 18.00, кейін 19.30-ға дейін шегерілді. Енді түнгі сағат 00.00-ге дейін кешігетіні хабарланады. Ұшақтың кешігу себебі – әуе кемесінің ақауы», - деді Әнуар Шәлекенов.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, «Scat» әуе компаниясының «Нұр-Сұлтан – Ақтөбе» бағытындағы тағы бір рейсі ұшып шығу кестесінен ауытқыған.

«Себеп – әуе кемесінің кешігіп келуі», - деп нақтылады Ә.Шәлекенов. «Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші маңыздылықта. Рейстердің ұшып шығуы бойынша барлық сұрақтарды «Scat» авиакомпаниясына және осы мекеменің Call-орталығына жолдауды сұраймыз», - деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА