USD
USD
USD

SCAT жолаушысы Ұлытауға қатысты фотода «жұмбақ кейіпкерді» байқаған

SCAT әуекомпаниясының жолаушысы ұшақтағы журналды парақтап отырып, Ұлытау өңірінің пейзажында далада жалғыз отырған адамды байқайды. Журналдағы түсініксіз «кейіпкерді» видеоға түсіріп, жолаушы оны әлеуметтік желіге жүктейді. Видео TikTok-та кеңінен тарап, көп қаралым жинаған.

Ұлытау
Фото: видеодан скрин

Астана, NEGE «ASPAN» борттық журналының редакциясына хабарласқанымызда, бұл фотоның мән-жайы туралы ақпарат алдық. Журналда жарияланған фотосуретті Ұлытау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ресми фотосессия аясында ұсынған.

Алайда бұл суретті көрген желі қолданушылары басқаша түсінген. Оны жазған пікірлерден байқауға болады.

пікір
скрин

Аталған басқарманың өтініші бойынша сурет орналастырылған бет алынып тасталған.

Фотоны әрі қарай қолдану өңірдің беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін, – деп жауап берді «ASPAN» борттық журналының редакциясы.

Ал Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі фотосуреттегі ер адам айналаны суретке түсіріп жатқан дрон операторы деп жауап берді.


Оның шалбарының түсі мен ракурсы ландшафттың реңімен сәйкес келіп, адастыратын визуалды эффект тудырған, – деді баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Астанада қонақ үй кәрізінен шала туған сәби табылды

шақалақ

Ақтауда жоғалып кеткен бозбаланың мәйіті судан табылды

жоғалған бозбаланы іздестіру

Бітіру салтанатында диплом жыртқан түлек желіде кешірім сұрады

диплом

Қазақстанда жас кәсіпкерлер саны азайып кеткен

жеке кәсіпкерлік