Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Сбербанктің» салымдары азайып жатыр

Сәуір-мамырда «Сбербанк» АҚ ЕБ-дағы жеке тұлғалардың салымы Т817 млрд-дан Т792 млрд.-қа дейін қысқарды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі.

«Сбербанктің» салымдары азайып жатыр
Фото: NEGE.kz


Aлматы. NEGE. «Сбербанк» еншілес банкінде қазақстандықтар активтерінің көлемі бойынша шамалас тағы бек банктегідей өз салымдарын кері алған. Жеке тұлғалардың банктегі салымдары наурызда Т817 млрд, сәуірде – Т799 млрд, мамырда – Т792 млрд. құраған», - делінген Ұлттық банк есебінде.
Сәуір-мамырда қазақстандықтар Т25 млрд кері алған - «Сбербанк» еншілесіндегі жеке тұлғалардың салымдарының 3%-дан астамы.
«Кірістерінің жоғалуына байланысты клиенттер (жеке тұлғалар) өз жинақтарына қол салуға мәжбүр болған. Бұл ретте жылыстау азғантай ғана», - делінген банктің жеке салымдардың Т25 млрд. жоғалтуына түсінік беруін сұраған «ҚазТАГ» ХАА-ның сауалына берген банк жауабында.
Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдары 2020 жылдың сәуірінен бастап қысқарған.
«2020 жылдың 1 сәуірінде банктердегі жеке тұлғалар салымдары Т9,899 трлн құраған, сәуірде – 0,3% қысқарып, 9,867 трлн-ға жеткен, және мамырда – тағы 0,75%-ға қысқарып, 9,793 трлн-ға дейін жеткен», - делінген Ұлттық банк есебінде.
Бұл ретте, банктердегі жеке тұлғалар салымдарының қысқару динамикасы – әр түрлі: кей банктерде салымдар айтарлықтай қысқарған, кей бірінде – білінер-білінбес қана, үшіншілерінде - өсіп кеткен.
«Жалпы тренд: 1 наурызда сектордағы жеке тұлғалардың салымдары өскен, сосын наурызда, сәуірде және мамырда қысқарған», - делінген Ұлттық банк есебінде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш