USD
USD
USD

Сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?

20 мамыр күні қос Палатаның бірлескен отырысында Парламент депутаттары сайлау жүйесін жетілдіру бойынша енгізілген түзетулерді қабылдады.

Сайлау туралы заң
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Парламент «Қазақстан Республикасының заңнамасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түзетулер әкімшілік-аумақтық бірліктер қайта құрылған кезде сайлау комиссияларының өкілеттіктерін сақтау және ауысу мәселелерін реттеуді қарастырады.

Бұдан бөлек, әкім лауазымына үміткерлердің жинаған дауыстары тең болған жағдайда қайта дауыс беруді өткізу тәртібі реттеледі.

Бұған қоса заңға мынадай түзетулер енгізілген:

  • бір адам бір уақытта мәслихат депутаттығына да, әкімдікке де түсе алмайды;
  • бірден бірнеше сайлау округі бойынша әкімдікке кандидат ретінде ұсыныла алмайды;
  • кандидат үгіт материалдарын өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ онлайн-платформалардағы парақшаларында жариялай алады;
  • кандидаттар мен саяси партияларға сайлау қорларынан тыс қаржы тартуға тыйым салынады;
  • енді үздіксіз өндірістік циклі бар ұйымдарда, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін орындарда сайлау учаскелері құрылуы мүмкін;
  • сондай-ақ дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотосуретке және видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынады.

Дауыс беру, дауыстарды санау немесе қорытындыны анықтау барысында конституциялық заң нормалары бұзылған жағдайда, жекелеген сайлау учаскелерінде немесе әкімшілік-аумақтық бірліктерде сайлауды жарамсыз деп тану бойынша Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының құзыреті толықтырылды.

Қазір оқып жатыр

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі

Қазақстанда тамыз айында инфляция 10% деңгейінен түсті

Инфляция