USD
USD
USD

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

Қазақстанда сайлаушыларға арналған онлайн-сервистер іске қосылады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман айтты.

сайлау
Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Осы сервистердің көмегімен учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері азаматтың тіркелген мекенжайын тексере алады. Бұл оны сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажет. Ол үшін азамат тиісті өтінішпен жүгінуі тиіс. Екінші сервис тіркеуі жоқ азаматтарға сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркеуге тұруға мүмкіндік береді. Аталған екі сервис те қазақстандықтардың сайлау құқығын іске асыруына жәрдемдесуге бағытталған.

Мұхтар Ерман
Орталық сайлау комиссиясы

«eGov порталы арқылы сервиске қол жеткізу құқығы берілген учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері азаматтың жазбаша өтініші негізінде оның тұрақты тіркелген мекенжайы туралы мәлімет ала алады. Егер өтініш берушінің тұрақты тіркелген тұрғылықты жері тиісті сайлау учаскесінің шекарасы аумағында екені расталса, комиссия оны сайлаушылар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды. Бұл сервис 5106 сайлау учаскесінде қолжетімді болады. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған және бұрын сайлаушылар тізіміне енгізілмеген азаматтардың сайлау құқығын іске асыру мақсатында дауыс беру күні оларды сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша уақытша тіркеуге жол беріледі», – деп хабарлады Мұхтар Ерман.

Отырыста азаматтарды бірнеше рет тіркеуге жол бермеу және бақылау тетіктеріне де ерекше назар аударылды. Айта кетейік, бұл жобаларды Орталық сайлау комиссиясы, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүзеге асыруда.

Қазір оқып жатыр

Санкт-Петербургте ғарышты игеруге арналған фотокөрме ашылды

Kazinform

Грузиядағы ірі МӨЗ ресейлік мұнайдан бас тартып, қазақстандық мұнайға көшуде

мұнай

Тоқаев Қытай мен Еуропа арасында «алтын көпір» болатын жол құрылысын бастап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Астанадағы танымал мейрамхана дауына қатысты полиция мәлімдеме жасады

мейрамхана