USD
USD
USD

Саят Медеуов жаңа қызметке тағайындалды

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов еңбек жолын Сарыөзек ауылында жалғастырады.  

Саят Медеуов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өнер иесі Кербұлақ ауданындағы «Күреңбел» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды. Кәсіби әншінің жаңа қызметі туралы Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. 

«Бүгін Кербұлақ ауданының мәдениет саласында қуанышты күн болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сахна саңлағы Саят Медеуов ауданымызда құрылған «Күреңбел» фольклорлық-энтографиялық ән-би ансамблінің жетекшісі болып тағайындалды. Саят Қабылұлының өнердегі және өмірдегі жинаған іс-тәжірибесі ауданымыздың өнерпаздарының кәсіби деңгейінің өсуіне зор ықпал тигізеді деген сенімдемін! Саят Қабылұлына іске сәт дегім келеді», - деп жазды аудан әкімі.

Айта кетейік, 2017 жылы Саят Медеуов Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған еді. Ендеше, өнер иесін жаңа қызметімен құттықтаймыз!

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы