Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Саяси партиялар» және «Сайлау туралы» заң жобаларына өзгеріс енеді

Қазақстанда саяси партия құру үшін талап етілетін 40 мың адамның қолын жинау талабы 20 мыңға төмендейді. Мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлер тізімінде әйелдер мен жастарға 30% квота бөлінеді.   

 «Саяси партиялар» және «Сайлау туралы» заң жобаларына өзгеріс енеді
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. Бұл туралы бүгін қос бірдей маңызды заң жобаларына енгізілетін өзгерістерді талқылаған заң шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім болды.

Әділет вице-министрі Наталья Пан саяси партия құру жолындағы тіркеуге қатысты шектеулердің президент тапсырмасымен алынып тасталғанын айтты.

Сонымен бірге сайлауға қатысатын партиялардан партиялық тізімнің 30%-ын жастар мен әйелдер құрауын міндеттеу көзделген. Бұл конституциялық өзгерістерді «Сайлау туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарға енгізу ұсынылған.  

Заң жобаларының тұжырымдамасын ведомствоаралық комиссия мақұлданып, тиісті заң жобасын дайындайтын жұмыс тобына жіберілді.

 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы