USD
USD
USD

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қандай төлемдер қарастырылған?

Елімізде 2003 жылдан бері саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы өтемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 23,6 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ақша
Фото: ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Министрлік мәліметінше, 2003–2024 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 4,7 млрд теңге көлемінде біржолғы өтемақы төленген. Оның мөлшері 2 949 теңгеден (¾ АЕК) 393 200 теңгеге (100 АЕК) дейінгі аралықты құрайды. 2025 жылға бұл мақсатқа 1,2 млрд теңге бөлінуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,23 АЕК көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. 2025 жылы бұл сома 4 837 теңгені құрайды.

— 2005 жылдан 2024 жылға дейін 18,8 млрд теңге көлемінде арнаулы жәрдемақы төленген. Ал биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 26 807 адам осы жәрдемақыны алып отыр, — деді министрліктің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов.

Ақталған немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар келесі әлеуметтік қолдауларға ие:

  • Еңбек өтіліне үш еселенген мерзіммен есептеу;

  • Ыңғайлы уақытта еңбек демалысын алу және қосымша екі апталық ақысыз демалыс құқығы;

  • Телефонды бірінші кезекте орнату;

  • Қарттар мен мүгедектер интернат-үйлеріне бірінші кезекте орналастыру;

  • Протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету;

  • Оңалтуға қатысты мәселелер бойынша тегін адвокаттық кеңес алу.

Жергілікті атқарушы органдар да қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қосымша материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы. 2024 жылы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында жергілікті бюджеттен 223,8 млн теңгеге біржолғы көмек көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

ҚТЖ

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Дәріхана