USD
USD
USD

Қазақстан билігі ішкі және сыртқы күштерге нақты белгі беруде – саясаттанушы

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты Конституциялық соттың шешіміне пікір білдіріп, бірнеше жылдан бері талқыланып келген құқықтық мәселеге нүкте қойылғанын айтты.

үгіт-насихат
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қарашасында екінші конституциялық реформадан кейін бір реттік жеті жылдық мерзімге Президент болып сайланған.

Алайда кейін қолданыстағы Конституциядағы нормаларға сәйкес «кезекті президент сайлауы 2028 жылдың желтоқсанында өтуі керек» деген құқықтық мәселе туындаған. Кейін «Конституцияның жаңа редакциясында бұл нормалар өзгертілгенімен, саяси институттардың жаңаруына байланысты Президенттің өкілеттік мерзімін қайта қарау қажет пе?» деген сұрақ ашық күйінде қалған.

«Конституция мәтінінде бұл мәселеге қатысты нақты норма болған жоқ. Дауыс беру күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті сайлау 2029 жылы өтетінін айтқанымен, мәселе толық шешілмеген еді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Конституциялық сотқа жүгінді», – деді Әшімбаев.

Саясаттанушының айтуынша, Конституциялық сот жаңа Конституцияның қабылдануы бұрынғы Конституцияда белгіленген нормалар мен сол негізде қабылданған шешімдердің мерзімін автоматты түрде ұзартпайтынын түсіндірді.

Осылайша Президенттің бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі сақталады және ол сайлау өткен күннен бастап есептеледі.

Әшімбаевтың пікірінше, бұл шешім бірнеше жылдан бері күн тәртібінде тұрған құқықтық мәселеге нақты жауап беріп, құқық үстемдігі қағидатын тағы бір мәрте растады.

Сонымен қатар ол Конституцияға сәйкес президенттік және парламенттік сайлауды бір мезгілде өткізуге болмайтынын еске салды.

«Бұл жерде қазіргі Президенттің сайлауға қатысу міндеті емес, құқығы туралы сөз болып отыр. Оның үстіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі кезекті сайлау 2029 жылы өтетінін айтқан болатын. Дегенмен Президент те заңға бағынады, ал Конституциялық соттың шешімі – Конституция нормаларының ресми түсіндірмесі», – деп түйіндеді саясаттанушы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттан елдегі кейбір лауазымды қызметтерге сайлану не тағайындау жөніндегі жаңа Конституция нормаларын түсіндіріп беруін сұраған. Конституциялық сот өкілдері «1995 жылғы Конституцияға сәйкес қызмет атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция қолданысқа енгізілгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы немесе лауазымға тағайындалуы мүмкін» деген қорытындыға келген. 

Қазір оқып жатыр

Жоғары аудиторлық палата Шымкентті, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын тексермек

Тоқаев, Смайылов

Ұлытау облысында апатты жағдай туғызған 8 жас жүргізуші жауапқа тартылды

әкімшілік жауаптылық

Бірқатар лауазымды тұлға қайта сайлауға түсуге құқылы – Конституциялық сот

Тоқаев

Көрші елдерге бензин жөнелту ішкі нарықтағы бағаға қаншалықты әсер етеді?

бензин бағасы