Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Саясатқа бет бұрған Айжан Аймағанова жұмыстан кеткенін мәлімдеді

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сот процесінен кейін көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанова прокуратура органдарындағы қызметінен кетіп, депутаттыққа үміткер ретінде ұсынылды.

.
Фото: Айжан Аймағанова

Астана, NEGE. Оның есімі «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізіміне енген.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партия мүшесі бола алмайды. Осыған байланысты Аймағанова прокуратурадағы жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.

«Кандидат болып ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан жұмыстан шықтым. Бұл – заңның талабы, мен оны толық орындадым», – деп мәлімдеді Аймағанова.

Ол бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын айтып, кәсіби тәжірибесі мен заң саласындағы білімі заң шығару жұмысына көмектесетініне сенім білдірді.

Аймағанованың сөзінше, ол азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешуге үлес қосып, қоғаммен ашық диалог жүргізуге дайын. Сондай-ақ өзіне қолдау білдіргендерге алғыс айтып, алда атқарылатын жұмыс көп екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат