USD
USD
USD

Саябақтар тазарып жатыр

Шымкент қаласының барлық аумағында көктемгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары да күшейтілді. 

Саябақтар тазарып жатыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Көктем мезгілі басталысымен қаладағы барлық көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында, саябақтар мен скверлерде және ирригациялық жүйелерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аялдамалар мен аяқжолдар сумен жуылып,  санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылуда. 

Кеше қаладағы «Наурыз», «Жеңіс» «Абай», «Тәуелсіздік» саябақтары мен «Жастар», Ш.Қалдаяқов атындағы аллеяда және «Ипподром» сквері мен Бәйдібек би ескерткіш аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық мекемелері қала тұрғындары демалатын орындарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбтерін әктеді және газондарды орып, ретке келтірді.

Мәдениеттілік тазалықтан басталатынын айтқан тазалық мекемесінің қызметкерлері қала тұрғындарынан өздері және балалары демалатын қоғамдық орындарды ластамауға және қоқыс тастамауға шақырды. 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекітті

қол қою

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ балдық жүйе енгізбек

Alphard