USD
USD
USD

Саябақтар мен гүлзарларда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте маусымдық кезеңдегі бекітілген жоспарға сәйкес жалпы 1 991 714 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарларда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Саябақтар мен гүлзарларда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат - қала тұрғындарын саябақтар мен гүлзарларда кене шағу жағдайынан және олардан жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу.

Айта кетейік, аталған жұмыстарға «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 6 бригададан құралған 18 дезинфектор мамандары қажетті құралдармен, көлік және жеке қорғану заттарымен жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда қала аумағында жалпы 745 350 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарлар аумағына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 30 маусымға дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ кенеге қарсы препарат ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген саябақ, гүлзарлар аумақтарына тұрғындардың жақындамауын, сонымен бірге препарат кепкенге дейін үй жануарларын да саябақ пен гүлзарлар аумағына жібермеу керектігін қала тұрғындарына ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам