USD
USD
USD

Саунадан балалар лагерін ашқан кәсіпкер мемлекеттен 107 млн теңге алған

Парламент Мәжілісінің «Республика» партиясынан сайланған депутаты Нұргүл Тау «Арман дала» балалар лагеріне бюджеттен 107,8 миллион теңге бөлінгенін айтты.

Саунадан балалар лагерін ашқан кәсіпкер мемлекеттен 107 млн теңге алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол 17 шілдеде сауна аумағында орналасқан лагерьге барған. Оның айтуынша, балалар лагерінде балалардың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген.

Ол бұл туралы әлеуметтік желі парақшасында жазды. 

«Бүгін әлеуметтік желі қолданушылардан түскен ақпарат бойынша Ұзынағаш ауылындағы «Арман дала» лагеріне Respublica партиясы атынан Алматы қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Бегалин және Жалынбек Жайнарбаймен бірге барып, жағдайымен таныстым. Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғандығына куә болдым. Лагерь ыңғайластырылған бұрынғы сауна ғимаратында орналасқан.

Қызмет көрсетуші «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 млн. теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс.

Мемлекеттік сатып алу процедулары қалай жүргізілгендігі төңірегінде мәселе туындауына байланысты менің тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолданды.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым», - деп жазды ол. 

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті