USD
USD
USD

Сауль «Канело» Альварес ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауль «Канело» Альварес ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатында Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өткізілді. Жекпе-жек тартысты өрбіді. Ол 12 раундқа жоспарланған болатын.

Бивол азулы қарсыласына лайықты күш көрсете алды. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен ресейлік спортшы жеңіске жетті.

Мексикалық боксшы қазірге дейін 57 жекпе-жек өткізді. Бүгін небәрі екінші мәрте қарсыласына есе жіберіп қойды.

Ал Дмитрий Бивол кәсіпқой бокста 20 кездесуінің барлығында жеңіске жетті. Ресейлік спортшы 1990 жылы дүниеге келген. 2014 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді.

Айта кетсек, «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегі мексикалық боксшы Биволды жеңген жағдайда жоспарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi