USD
USD
USD

Сәуірде Қазақстанның QAZCOVID-IN вакцинасы қолданысқа енгізіледі

 Ресейде «Sputnik V» вакцинасының арзандауы елдегі екпе құнына әсер етуі мүмкін.

Сәуірде Қазақстанның QAZCOVID-IN вакцинасы қолданысқа енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов хабарлады. Екпе бағасы наурыздың ортасында нақтыланады. Сәуір айында індет жұқтырушылар саны өсуі ықтимал. Сондай-ақ биыл дәрігерлердің орташа жалақы көлемі шамамен 320 мың теңге болады. Ал 2023 жылы 500 мың теңгеден асады. Орта санаттағы мамандардың айлығы 173 мың теңгеге дейін артады. Былтыр отандық медицина саласы үлкен сыннан өткені рас. Биыл да босаңсуға болмайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов: "Жыл басынан мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізетін мамандардың жалақысы өсті. 460 бірлік зертханалық құрал-жабдық пен 12 бірлік жылжымалы кешен сатып алынды. Биылғы жоспарға сай 6 млн азамат вирусқа қарсы екпе алады. Ал елде вакцина бағасының түсу-түспеуі туралы нақты ақпарат осы айдың ортасында белгілі болады" деді.

  Ақпан айындағы вакциналаудың бірінші кезеңінде ресейлік «Sputnik V» екпесі қолданылды. Аталған препарат өндірісі қысқа уақыт ішінде Қарағандының фармацевтикалық комбинатында локализацияланды. Енді сәуір айында отандық «QAZCOVID-IN» вакцинасын пайдалану жоспарланып отыр.

"Жалпы бұл тек екі вакцинаға қарап отырған жоқпыз. Біз жаңағы басқа да шетелде екпе шығарушылармен өзіміздің келіссөздерімізді өткізіп отырмыз. Қазақстанға қашан және қандай көлемде келетіні сол келіссөздерге байланысты", - деді М.Шоранов мырза.

  Министрлік медициналық қызмет бақылауын әлде де күшейтпек. Мәселен, былтыр елде препараттарды заңсыз сату бойынша шамамен 500 жағдай әшкереленді. Шамамен 2 мың дәріхана тексерілді. Олардың тең жартысы бағаны негізсіз көтерген. 10 млн астам дәрі-дәрмек заңсыз айналымнан шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.