USD
USD
USD

Сәуір айында Қазақстанға Валентина Матвиенко келеді

Сәуір айының соңында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәуір айында Қазақстанға Валентина Матвиенко келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сәуір айының соңында Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың Қазақстанға сапары жоспарланған. Бұл да парламенттік ынтымақтастықтың дәйекті дамуын көрсетеді», - деді Сергей Лавров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанда ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесу өткізіп жатыр.

«Бүгінде екі ел арасындағы қатынастар барлық бағыттар бойынша стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында қарқынды дамып келеді. Қарқынды саяси диалог жолға қойылған, біздің елдеріміздің Қауіпсіздік Кеңестері деңгейінде парламентаралық ынтымақтастық серпіні қолдау табуда, терең экономикалық байланыстар орныққан. Экономикалық интеграция процесі жүйелі түрде алға жылжып келеді. Әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нәтижелі дамуда. Өңіраралық байланыстар кеңеюде», - деді кездесуді ашқан Мұхтар Тілеуберді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру