Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек желіде жазба жариялап, Жамбыл облысы аумағында болған жол-көлік апаты бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

жол апаты
Фото: facebook.com/bbazarbek

Астана, NEGE. Оның айтуынша, жұбайы екеуі сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында деректерді жария етпеу туралы қолхат берген.

«Менің қатысуыммен болған жол-көлік оқиғасына қатысты көптеген болжамдар мен түрлі әңгімелерге жауап бере алмаймын және көп нәрсені жазуға да мүмкіндігім жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деп жазды бұрынғы депутат Facebook желісінде.

Бақытжан Базарбек қажетті сараптамалар жүргізілетінін айтып, тергеп-тексеру органдары оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға беретініне сенім білдірген.

«Қазір мен үшін ең бастысы – зардап шеккен азаматтың өзіне, жақындары мен туыстарына қолдау көрсетіп, жандарынан табылу. Біз бірнеше күн бойы іс жүзінде ұйықтамай, оның туған-туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп, дұға жасап отырмыз. Көрсетілген шұғыл медициналық көмек үшін аудандық аурухананың барлық дәрігерлеріне, сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына ерекше алғысымды білдіремін», – дейді ол. 

Сондай-ақ ол халықты әлеуметтік желілерде тарап жатқан алып-қашпа сөздерге ермей, асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырған.

Еске салсақ, бұған дейін желіде бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жолда адамды қағып кеткені туралы ақпарат тарады. Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаның Т. Рысқұлов ауданында болғанын растағанымен, көлікті кім басқарғанын нақтыламады.

Полиция мәліметінше, Toyota жүргізушісі жол жиегінде тұрған ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен азамат ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң

Астанада бес жасар баланы ойын алаңда тоқ соқты

Бала

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан