USD
USD
USD

Сәуегейлер Қазақстанда сайлау өтетін күні не болатынын айтты

Қазақстандық көріпкелдер мен нумерологтар парламент депутаттары сайлауы өтетін күні қандай жағдай болатынын болжады, деп хабарлайды "31" арнаның  "Информбюро" бағдарламасы.

Сәуегейлер Қазақстанда сайлау өтетін күні не болатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астрологтар он, нөл бір, екі мың жиырма бір сандарының тоғысқан күні - көпшіліктің энергиясы таситын күн деп отыр. Әрі бұл энергияны елдің біраз бөлігі ұрыс-керіске жұмсап қояды екен. Бұған уран ғаламшарының өте баяу жүретіні себеп болады дейді болжамшылар. Мұндай көңіл-күйден адамдар тек сайлау аяқталғаннан кейін, 11 қаңтар күні түс ауа шыға бастайды. Көріпкелдер де дауыс беретін күні жұрттың жүйкесі жұқа болатынын айтып отыр.

Тәспісін тартып, болашақ күндер туралы бал ашумен айналысатын Фируза апа, әуелі "дауыс беруге елдің ағылып бара жатқанын көріп тұрғанын" айтады. Бірақ, қазірден бастап жастарға жөнді жол сілтемесе, олар кез-келгеннің үгіт-насихатқа еріп, арты дауға ұласуы мүмкін деп болжайды.

Оның айтуынша, абыройды ақшаға сатып алмақ болғандардың шынайы бет-бейнесі де осы айда ашылады. Дегенмен, іштен жау шықпаса, дәл 10 қаңтар күні сырттан төніп тұрған қауіп жоқ деп отыр. 

"Қоғамдағы белсенді жастар болады бұлар. Оқу орындарында жиналады. Сондай ақымақтар бар. Олар оны қылам, мұны қылам деп топалаң шығарады. Басқа жақтан еш жаман нәрсе келмейді, бәрі жақсы болады", - деді көріпкел Фируза Бадалова.

Ал астролог әрі нумеролог Индира Омарованың сөзінше, дәл сайлау болатын күн - Уран ғаламшарының өте баяу жылжитын соңғы тәулігіне тұп-тура келіп тұр. Индираның айтуынша, бұл күні адамдар энергиясын ұрыс-керіске жұмсап қояды. Сондықтан ол күні жаман ойдан аулақ болу керек екенін ескертеді.

"Бұл күні жер бетіндегі адамдар үшін өте қарбаласқа толы күн болады. Үлкен мүмкіндіктерді сәтті пайдалануға жол ашық. Бірақ энергиясын жағымсыз әрекеттерге жұмсап жіберу қаупі де көп. Сондықтан, әр қадамды ойланып басқан жөн. Ескі көзқарастан арылатын, жаңаша ойлауға мүмкіндік беретін жоғарыдан өзі сигнал келеді", - деді астролог-нумеролог Индира Омарова.

Сайлаудан кейін, яғни 11 қаңтар күні түске дейін адамдардың барлығы шаршаңқы күйде болса, түс ауа бойларына қайта қуат жинала бастайды екен. Астрологтар сол күні жолда абай болуды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.