USD
USD
USD

Сауда үйінде киім ұрлаған ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Сауда үйінде киім ұрлаған ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауда үйінде киім ұрлаған ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. 23 қаңтарда сағат 14:10-да Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне дүкендердің бірінің директорынан 22 қаңтарда сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін белгісіз тұлға Көкшетау қаласының сауда орталықтарының бірінде киім ұрлағаны туралы арыз келіп түсті. Шығын сомасы 18 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері сауда үйінде орнатылған камералардың көмегімен күдіктінің жеке басын анықтады. Ол уақытша жұмыс істемейтін 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Ер адамдарға арналған киім бөлімінде ол күртеше, екі жемпір мен шалбар таңдап алып, заттардың қорғаныш құрылғыларын алып тастағаннан соң пакетіне салып, кетіп қалған. Кейін күдікті ұрланған заттарды базарда сатқан.

ҚР ҚК 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті