USD
USD
USD

Сауда орталықтары мен кинотеатрлар қай күндері жұмыс істемейді?

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева сауда және ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлар қай күндері жұмыс істемейтінін айтты.

Сауда орталықтары мен кинотеатрлар қай күндері жұмыс істемейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шағалтаева Нұр-Сұлтан кәсіпкерлер палатасында бизнесмендермен болған кездесуде алдағы жексенбі күндері - 2020 жылдың 27 желтоқсаны мен 2021 жылдың 3 қаңтары мерекелік күнге жатпайтынын, тиісінше, бұл күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда орталықтарының жұмысына тыйым салынғанын түсіндірді.

Елорданың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 24 желтоқсанда шыққан қаулысына сәйкес, бұл нысандардың қызметіне жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етілген.

25 желтоқсаннан бастап толымдығы отыратын орындардың жалпы санының 30 пайызынан аспайтын жағдайда қызметін қайта бастауға рұқсат етілген кинотеатрлардың жұмысына келетін болсақ, СОО-да орналасқандарына жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.

Шағалтаева кинотеатрлар 24 сағатқа дейін барлық сеансын аяқтап, толығымен жабылуы керек екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес