USD
USD
USD

Сауда орталығында жарылыс болды

Армения астанасы Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Сауда орталығында жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түске таман Ереванның орталығындағы «Сурмалу» көтерме-бөлшек сауда орталығында жарылыс болып артынан өрт шықты.

Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына 10 өрт сөндіру тобы кеткенін хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс болып, арты өртке айналды. Зардап шеккендер бар. Өрттің күрделілігі үшінші деңгейде»,-делінген Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыстың салдарынан сауда орталығы жанындағы ғимарат құлады. Ол пиротехникалық дүкен ғимараты болуы мүмкін деген болжам бар.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко