USD
USD
USD

Сауда орталығында кішкентай қызды тепкен шетелдік азамат 2 айға қамалды

Алматы облысы Қарасай ауданының тергеу соты сауда орталықтарының бірінде төрт жасар сәбиді тепкен Түркия азаматына қатысты бұлтартпау шарасын таңдады.

Сауда орталығында кішкентай қызды тепкен шетелдік азамат 2 айға  қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов  хабарлады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне баланы тепкен ер адам екі ай мерзімге қамауға алынды», - деп жазды Бауыржан Әленов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Іс бойынша тергеу барысы менің қатаң бақылауымда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы негізінде жария етуге жатпайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты