USD
USD
USD

Сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуы тексерілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, тәртіп сақшылары және Атамекен Кәсіпкерлік Палатасы қызметкерлері аудан аумағындағы тойханаларға кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Сауда нысандарында карантин талаптарының сақталуы тексерілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE.  Бүгінде той-томалақ пен мерекелік жиындардың алдын алу мақсатында Полиция департаменті қызметкерлері тойханалардың маңында тәулік бойы кезекшілік етуде.

Сондай-ақ, рейд барысында Мега және ЦУМ сауда орталықтарындағы карантин талаптарының сақталуы тексерілді. Аталған ірі сауда ойын-сауық кешендерінде сатушылар мен тұтынушылардың бетпердесіз жүргендігі және арақашықтықтың сақталмағандығы анықталды. Кей жерлерде санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелер жоқ. Бұл мәселелер бойынша сауда орталықтың басшылығы мен әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісінше айыппұл салынды.

Карантин талабына сәйкес қоғамдық көлікте жолаушыларға бетперде тағу міндеттелген. Осыған байланысты автобустардағы жолаушыларға қаулы талаптары түсіндіріліп, бетпердесіз отырған жағдайда айыппұл салынатындығы ескертілді. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек