Сауда министрлігі: Цементтің ішкі нарығы жалған өнім үшін жабық
Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтановтың «Qazsem» цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының өкілдерімен салалық кездесуі өтті. Кездесуге ҚР цемент өндіру бойынша ірі зауыттардың басшылары, Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, сондай-ақ «QazTrade», «Қазастандарт» РМК және Ұлттық аккредиттеу орталығының басшылары қатысты.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Кездесу барысында ҚР цемент саласын дамытудың проблемалық мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ құрылыс саласын техникалық реттеу құралдары арқылы цемент өніміне қойылатын талаптарды күшейту арқылы цемент саласын қорғау мәселелері талқыланды. Қазақстандық цемент ішкі және сыртқы нарықта сапалы және бәсекеге қабілетті болып табылады.
Алайда нарықта да жалғандық бар. Отандық тауар өндірушілер өнімінің нақты түрлері бойынша әзірленген мастер-жоспарға сәйкес техникалық реттеу құралдары арқылы отандық өнімнің сапасын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру қолданыстағы проблемаларды шешу, экспорт көлемін ұлғайту бойынша негізгі процестерді жеделдетудің катализаторы болады. Кездесу барысында стандарттауды енгізу және зертханалық базаны дамыту бойынша қолда бар оң нәтижелер талқыланды. Іс жүзінде ішкі нарық жалған өнімге жабық және жаңа нарықтағы отандық цементке жол ашық, өйткені сапа экспортты ұлғайтуға қойылатын негізгі талап болып табылады.
Орталық Азияның серпінді дамып келе жатқан нарығын ескере отырып, осы өңірде цементке жоғары сұраныс бар. Жүргізіліп жатқан шаралар отандық цементтің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан әрі кездесуге қатысушыларға KazakhExport және QazTrade дамыту құралдары арқылы ұсынылатын цемент саласы үшін мүмкіндіктердің барлық спектрі ұсынылды. Ұсынылған құралдардың ішінде экспорттық келісімшартты орындауды қаржыландыру кезінде кепілдің жетіспеушілігі проблемасын шешуге мүмкіндік беретін қарызды сақтандыру, импорттаушы үшін жеңілдікті және ұзақ мерзімді қаржыландыру құралы ретінде экспорттық сауданы қаржыландыру, төлемді кейінге қалдыруды сақтандыру, шетелдік импорттаушының төлемей кету қаупін жабуға мүмкіндік беретін және басқа да құралдар атап өтілді.
Кездесу соңында министр «Сапа Интер Систем» ЖШС цемент сапасын тексеру жөніндегі сынақ зертханасын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтады. Аталған зертханаға «Е-аккредиттеу» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық аккредиттеу аттестаты берілді. Өткен жылы енгізілген «Е-аккредиттеу» жүйесі Ұлттық аккредиттеу орталығы мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды автоматтандыруға мүмкіндік берді.
Аттестатты онлайн алу техникалық реттеу жүйесін цифрландырудың артықшылықтарының бірін көрнекі түрде көрсетті. Кездесуді қорытындылай келе министр бизнес өкілдеріне саланы қолдауға және ынталандыруға қатысқаны және белсенді азаматтық позициясы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ қаржылық қолдау шаралары, экспортты ілгерілету және сауданы дамыту шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасауға шақырды.