USD
USD
USD

Сауда министрі азық-түлікті арзандату шараларын жариялады

 Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлік бағасын ұстап тұру және төмендету шараларын жариялады.

Түлік
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұрудың тағы бір жолы - тұрақтандыру қорлары. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында тұрақтандыру қорына 6080 тонна картоп, 1398 тонна сәбіз, 973 тонна пияз бен 1456 тонна қырыққабат сатып алынды. Мұның барлығын 1 қарашадан бастап сатады. Осылайша, көкөністің тапшылығына жол берілмейді, қыс мезгілінде баға да өспеуі керек. Ал нарықты бір келісі үшін 2 790 теңге болатын сиыр етімен қамтамасыз етуде 71,6 тонна өнім сатып алуға 200 млн теңге несие бөлінген. Оған қоса, 159,4 тонна сиыр етін жеткізу бойынша қосымша келісім жасалды.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын одан әрі тұрақтандыру мақсатында біз отандық тауар өндірушілерден өнім сатып алуға арналған қаржыландыру көлемін екі есе ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл халық үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын арзандатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, негізгі азық-түлік түрлері бойынша отандық өндірушілермен және сауда желілерімен көтерме және бөлшек бағаларды белгілеу туралы меморандумдарға қол қойылады", - деді министрі.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский