Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сауд Арабиясы шетелдіктерге қажылық жасауға рұқсат етті

Сауд Арабиясы соңғы үш жылда алғаш рет шетелдік азаматтарға қажылыққа қатысуға рұқсат беріп, қатысушылар санын бір миллионға дейін өсірді. Сондай-ақ шетелдіктерге қажылық кезінде барлық нұсқауларды сақтау қажеттілігі туралы ескертт.

Сауд Арабиясы шетелдіктерге қажылық жасауға рұқсат етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдан бастап қажылыққа қатысушылардың саны қатты қысқартылды. Мысалы, пандемияның алғашқы жылында оған небәрі мың қажы қатысты. 2021 жылы олардың саны 60 мыңға жетті, деп хабарлайды Сауд Арабиясы баспасөз агенттігінің порталы.

Биыл да қажылыққа баратындар үшін қарастырылған бірқатар ереже бар. Коронавирусқа қарсы екпе алған және 65 жасқа толмаған адамдарға ғана қажылыққа баруға рұқсат етіледі. Шетелдік қажылар корольдікке аттанардан кемінде 72 сағат бұрын тапсырған коронавирус жұқтырмағаны туралы тест нәтижесін ұсынуы керек.

"Қажылық және умра министрлігі қажылық етушілер өз денсаулықтары мен қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті рәсімдерді орындау кезінде сақтық шараларын сақтауы және профилактикалық нұсқауларды орындауы керек екенін атап өтті", - деп жазылған Сауд Арабиясы баспасөз агенттігінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін коронавирус пандемиясына байланысты Сауд Арабиясы шетелдіктер үшін қажылыққа тыйым салды.

2022 жылы қажылық 7-12 шілде аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап