USD
USD
USD

Сауд Арабиясында Ресей мен АҚШ делегацияларының кездесуі өтеді

Ресей мен АҚШ 18 ақпанда Сауд Арабиясында келіссөздердің бірінші кезеңін өткізеді, деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

АҚШ пен Ресей
Фото: Alexander Zemlianichenko / AP

Алматы, NEGE. «Бүгін Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Эр-Риядқа ұшады. Сейсенбі күні олар америкалық әріптестерімен Ресей-АҚШ қарым-қатынастарын қалпына келтіруге арналған кездесу өткізеді», – деді Песков журналистерге. 

Әңгіме барысында Украина бойынша келіссөздерге дайындық мәселесі де сөз болады.Сонымен қатар, тараптар Владимир Путин мен Дональд Трамптың алдағы кездесуі жөнінде ақылдасады. Екі елдің президенттері 12 ақпанда телефон арқылы сөйлесіп, кездесуге уағдаласқан. 

Келіссөздерге АҚШ-тың атынан Мемлекеттік хатшы Марк Рубио, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц және Президенттің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Виткофф қатысуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу