USD
USD
USD

Сауд Арабиясында алкоголь сатуға рұқсат беріледі

Шариғатты қатаң ұстанатын Сауд Арабиясы кейінгі жетпіс жылда алғаш рет алкогольді сатуға рұқсат бермек. 

Алкоголь
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ондағы сусындар мұсылман емес дипломаттарға сатылады. Ол тек мұсылман емес шетелдіктерге арналған. Елдің 32 миллион тұрғынының басым көбі үшін ішімдікке тыйым салынады.

Дүкенге тек арнайы қосымшада тіркелгендер ғана кіре алады және сатып алуда шектеу қойылады. Дүкенге кіргенде тұтынушылардан ұялы телефонын арнайы сөмкеге салу талап етіледі.

Елде бұл тыйым 1952 жылы король Абдул Әзиздің ұлдарының бірі мас күйінде британдық дипломатты атып өлтіргеннен кейін күшіне енген.

Дүкен бірнеше апта ішінде ашылады деген болжам бар.

Ол Эр-Риядтың дипломатия кварталында, қала орталығының батысында орналасады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс