USD
USD
USD

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы бейбіт тұрғындарға арналған нысандарға хуситтердің жасаған шабуылдарын қатаң айыптады.

СІМ ғимараты
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. 10 қазанда Йемендегі хуситтер Эр-Рияд қаласындағы Король Халид халықаралық әуежайына шабуыл жасады. Reuters мәліметінше, кемінде 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған.

«Мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар халықаралық құқық нормаларын бұзады», – делінген СІМ мәлімдемесінде.

Қазақстан тарапы мұндай әрекеттер Йемендегі жағдайды тұрақтандыруға кедергі келтіретінін мәлімдеп, шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

Сонымен қатар Қазақстан Сауд Арабиясына қолдау білдіріп, оның өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық

Спортты көпшілікке қолжетімді ету: Көк-Жайлау қандай мүмкіндік ашады?

Шаңғы