USD
USD
USD

Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында қатаң шектеулер енгізді

Сауд Арабиясы тарабы қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптар жариялады.

Қажылық
Фото: Фото: Рexels

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. Қажылыққа байланысты талаптарды Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама өңірлік филиалы жариялады.

Негізгі талаптар:

  • 18 сәуірден 31 мамырға дейін Nusuk платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады;
  • 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.

«Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі реттелген жағдайда өткізу мақсатында енгізіліп отыр. Бұл талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді», – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясының құзырлы органдары шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақыратыны атап өтілген.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қажылыққа баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты барлық қауіп-қатерді алдын ала зерделеуді ескертен-ді.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама