Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сауат Мыңбаевтың бауыры көз жұмды

«ҰҚК генерал-майоры Саят Мұхамбетбайұлы Мыңбаев ауыр науқастан көз жұмды...»

Сауат Мыңбаевтың бауыры көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Сауат Мыңбаевтың туған ағасы Саят Мыңбаевтың ауыр науқастан көз жұмды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы генерал-майоры Саят Мұхамбетбайұлы бұған дейін ҰҚК-нің әскери қарсы барлау департаментінде басшы болған.

ҰҚК басшылығы және «ҰҚК органы ардагерлері» қауымдастығы Саят Мыңбаевтың туған-туыстарына көңіл айтты.

2016 жылы Сауат Мұхамбетбайұлының тағы бір бауыры Смет Мұхамбетбайұлы қайтыс болған еді.

Ал Сауат Мыңбаевтың өзі мойын омыртқасынан ауыр жарақат алып, «Қазақстан темір жолы» ҰК басшылығынан кетуге мәжбүр болғанын бұған дейін жазғанбыз.

Nege.kz редакциясының ұжымы Сауат Мұхамбетбайұлына және оның туған-туыстарына көңіл айтады.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова