USD
USD
USD

Сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды

Белгілі сатирик, жазушы Көпен Әмірбек өмірден озды. 

Сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды
Фото: NEGE.kz

Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Түркістан облысы Отырар ауданы Ешкіқора ауылында дүниеге келген.

1974 жылы ҚазМУ-ді бітірген соң, Владивосток қаласында екі жылдық әскери-партия мектебінде оқыған.

1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысты. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара - Шмель" журналында жауапты хатшы, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. "Ара" журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. Мәскеу (1980) мен Ташкентте (1980) өткен Бүкілодақтық жас сатириктер конкурсының лауреаты.

Әр жылдары жарық көрген "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танымал болған. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. Өзі құрған "Көпен келе жатыр!.." әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрермендердің көзіне түскен.

NEGE ақпараттық-сараптамалық порталының ұжымы сатирик Көпен Әмірбектің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев