2 Наурыз 17:51

Сатылатын медмаска саны шектелмек

Фото:
Қазақстанда бір қолға сатылатын медициналық маска санына шектеу енгізу әзірленуде, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат таратты.

Алматы. NEGE. «Ең бастысы, біз бір қолға сатылатын медициналық маска санын шектейтін боламыз. Яғни, маскалар болу үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Мен жақын арада жағдай дұрысталады деп ойлаймын. Бір қолға 10 маска деп ойлаймын», - деді Біртанов дүйсенбіде үкімет кулуарында. Бұл ретте ол атап өткендей, «ол маскалар уақытша ғана сақтайды».«Оларды барлық жағдайға мол қылып сақтап алу мүмкін емес. Қорғанудың басқа да тәсілдері бар», - деді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, 5 наурыздан бастап Қазақстан Азия елдерімен әуе рейстерін уақытша шектейді, Әзірбайжанмен әуе рейстерін қысқартады және ҚР-ға Иран азаматтарының келуіне тыйым салады.

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты. Ал «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастық халықаралық орталығы наурыз айының ортасына дейін жабылды.

Тегтер: