USD
USD
USD

«Сатыбалдыға дос, Нығматулинге қас». Адвокат НЕГЕ бес жарым жылға сотталды?

Nege.Aqsha телеграм каналының жазуынша, адвокат Қайсар Жұмағалиев бес жарым жылға сотталды. Бұл істе Нұрлан Нығматулин мен Қайрат Сатыбалдының аты-жөні аталды.

Сатыбалды
Фото: Коллаж NEGE

Іс материалдарына қарағанда, оқиға былай болған: 2016 жылы адвокат Қайсар Жұмағалиев Нығматулиндер соттатқан балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбековті түрмеден босатуға көмектесемін деп, оның туыстарынан 300 мың доллар сұраған. Сұлтанбековтің туыстары «заңсыз қудалаудың артында ағайынды Нығматулиндер тұрғанын» адвокатқа ескерткен көрінеді. Алайда адвокат Қ.Жұмағалиев оларды «Қайрат Сатыбалдымен доспын, мәселені шешіп беремін» деп алдаған. «Алдымен Жұмағалиевті ШҚО-дан Алматы облысына ауыстырамын, сосын қылмыстық істі тоқтатамын» деп сендірген, – деп жазады Nege.Aqsha телеграм каналы.

Адвокат ақшаны екі траншпен беруді сұрапты. «150 мың долларды іске кірісуім үшін алдын ала бересің, қалған 150 мың долларды Сұлтанбеков түрмеден босаған соң төлейсің» деген. Кәсіпкердің туыстары адвокатқа сеніп, оған алғашқы траншпен 150 мың долларды 2016 жылдың қазанында берген. Алайда Сұлтанбеков тек жеті жылдан соң – 2023 жылы ғана ақталып шыққан. Кәсіпкердің туыстары сонда ғана алаяққа алданғанын сезген.

Қ.Жұмағалиев алаяқтық бабы бойынша сот үкімімен 5 жыл 6 айға сотталып, оғдан бөлек 9 жылға дейін адвокаттық қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов