USD
USD
USD

«Сати» жекеменшік балабақшасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Елордадағы жекеменшік балабақшада бүлдіршіндерге дөрекілік танытқан.

«Сати» жекеменшік балабақшасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы мәлімдеді. Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде қызметкердің балаларға дөрекі сөйлеп, ұрып-соққаны жайлы бейнежазба тараған еді. Шағымданушы бұл тәртіпсіздікке басшылық көз жұма қараған деп отыр. Бұған қатысты Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді. Министрлік бұл балабақша жекеменшік ұйым екенін айтты. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекеме басшылығы өз жұмысын бастағаны туралы ескертпеген. Ол балабақшада 12 қызметкер 60-тан астам бала тәрбиелеген.

Майра Мелдебекова,  ҚР БҒМ комитет төрағасының орынбасары:

– Енді мониторинг топ өздерінің жұмыстарын жүргізді. Сол қызметкерлермен сөйлесті. Балалардың ата-аналарымен сөйлесіп, өздерінің сұхбаттарын жасады. Енді бұл жерде қазір жергілікті полиция департаменті қылмыстық кодекске сәйкес тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар басқарма, прокуратура және де жергілікті санитарлық эпидемилогиялық департаментке, өздерінің хаттары арқылы тексеріс ашуды ұсынып отыр.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер