USD
USD
USD

Сәтбаевтың екі тұрғынына іздеу жарияланды

Полиция Сәтбаевтағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен 16 тұрғынды қамауға алып, екі тұрғынға іздеу жарияланды. Бұл туралы қала прокуроры Төлеубек Рымбаев айтты.

Сәтбаевтың екі тұрғынына іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 16 тұрғын 24 шілде күні қалада тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген, екі тұрғынға іздеу жарияланған.

Полиция тәртіпсіздік ұйымдастырғандарды бейне-бақылау камераларының көмегімен тапқан.

«24 шілде күні түнде тәртіпсіздік, біреудің мүлкін әдейі бұзу, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіру фактілері болғаны анықталды. Барлық факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда 16 адам қамауға алынды. 2 адамға іздеу жарияланды», – деді Сәтбаев қаласының прокуроры Төлеубек Рымбаев.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны