Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлады деген күдікті өзіне қол салды

Қарағандыда тергеу изоляторының камерасында Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды зорлаған күдіктінің денесі табылды. 

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлады деген күдікті өзіне қол салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 6 қазан күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тергеліп, тұтқындалған күдіктінің денесі табылды.

«Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасы күдіктінің қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Тексеру кезінде қайтыс болған адамның денесінен қандай да бір жарақаттар анықталған жоқ. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірығай тізіліміне тіркелді. Оқиға орнына Қарағанды қаласынан жедел тергеу тобы келді. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті осы оқиға бойынша қызметтік тексеру тағайындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде Сәтбаев қаласының полициясына ер адам бес жасар қызының жоғалғаны туралы арыз жазған болатын. Қызды іздеуге жергілікті полиция бөлімінің барлық жеке құрамы және жүзден астам еріктілер қатысты. Бала түнде көп қабатты үйлердің бірінен табылды. 27 шілдеде күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі