USD
USD
USD

Сәтбаев полициясының бастығы қалай таяқ жегенін айтып берді

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік барысында Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы Амангелді Кұрмановқа шабуыл жасалған.

Сәтбаев полициясының бастығы қалай таяқ жегенін айтып берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желідегі видеодан наразы топ полиция қызметкерлерін қоршап алғанын көруге болады. Онда белгісіз ер адам Амангелді Кұрмановты ұрған. Топтағы басқа адамдар да белгісіз ер адамның әрекетін қайталаған. Тәртіп сақшылары кейін шегінген.

Тengrinews.kz редакциясы Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы Амангелді Кұрмановқа хабарласып, оқиғаның мән-жайын білуге тарысты. Ол редакцияға видео жіберіп, Сатбаевта не болғанын айтып берді.

"Мен - Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Кұрмановпын. 5 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабарды алған соң, мен полиция басқармасына барып, жеке құрамды жинадым. Кейін Сатбаев қаласына шұғыл аттандық. Сағат түнгі 1:30 шамасында оқиға орнынан жеттік. Онда өте көп адам жиналғанын көрдік. Жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Адамдар педофилді беруді талап етіп, ол тұратын үйдің подъезіне кірмекші болды.

Біз подъезді қоршап, бірінші қатарда тұрдық. Осы сәтте топтағы адамдар айғайлап, полицейлерді бір-бірден алып кету керегін айтты. Олар менің жанымда тұрған тәртіп сақшысын ұстап алды да өзіне қарай тарта бастады. Ол қызметкерді қолынан ұстап, оның артынан бардым. Адамдардан полицейді жіберуді талап еттім. Себебі, оның кінәсі жоқ еді. Олар тәртіп сақшысы жіберуге келісті. Осы кезде топтағы бір адам менің полиция басшысы екенімді айтып, айғайлай бастады. Олар менен күдіктіні беруді талап етіп, мені қоршап алды. Олар күдіктіні өзі жазаламақшы еді", - дейді Құрманов.

Ол адамдарға күдікті заң бойынша жазалатынын айтқан.

"Бұл 30-40 минут аралығында болған оқиға. Осы сәтте біреу арт жағымнан келіп, мені басымнан және денемнен ұрды. Бас жарақытын алдым. Оң жақ құлағымнан, сол жақ иығымнан, сол жақ кеудемнен, белімнен қан ақты. Халық менің сөзіме құлақ аспайтынын білдім, жағымсыз сөздерді естідім. Осы күні мен ішімдік ішкен жоқпын. Мен жағдайды түсіндіре алдым деп ойлаймын", - деді полиция басшысы.

Желі пайдаланушылары полиция басшысының әрекетін қолдайтынын жазды.

"Жезқазған қаласы полиция департаментінің басшысы педофил баланы зорлаған кезде оқиға орнына барды. Ол топтан қорыққан жоқ. Олар боқтап, полиция басшысын итерді", - деді Facebook-тағы "Патриот Караганды" парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.