USD
USD
USD

Сәтбаев қаласындағы жағдайға қатысты әкімдік жауап берді

Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аттанды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сәтбаев қаласындағы жағдайға қатысты әкімдік жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің 5 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарлады. Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің біріндегі пәтерден табылған.

«Қазір қыз бала ауруханада тексерілуде. Күдікті ұсталды. Ұсталған азаматтың үйінің жанында күдіктіні олардың қолына беруді талап ететін бір топ адамдардың жиналған. Тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарының күш-жігері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанды, адамдар оқиға орнынан тарқасты», делінген хабарламада.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаевқа жол тартты.

«Құқық қорғау органдары осы жағдай бойынша әділ және адал тергеу жүргізу үшін барлық күш-жігер жұмсалатынын жеткізді. Халықтан арандатушылыққа жол бермеуді сұраймыз», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов