USD
USD
USD

Сәтбаев каналы 2028 жылға дейін толық жаңартылады

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қ.Сәтбаев атындағы каналда 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын ауыстыру жұмыстары басталғанын хабарлады.

R
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бүгінде 17 трансформаторды жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып, 9 қосалқы жабдық сатып алынды.

Жұмыстар нысанды кешенді қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Сорғы қондырғылары мен электр жабдықтарын толық ауыстыру 2028 жылға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қ.Сәтбаев атындағы канал Қарағанды және Павлодар облыстары мен Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ канал суын осы өңірлердегі өндірістік нысандар мен шаруа қожалықтары да пайдаланады. Гидротехникалық нысанның жалпы ұзындығы - 458 км.

«Халық саны мен өнеркәсіптік кәсіпорындар санының артуына байланысты канал суына деген сұраныс өсіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік нысанды жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Нәтижесінде елді мекендер мен өндіріс орындарын сапалы сумен қамту сапасын арттырып, каналдың ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз етуді көздеп отырмыз», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза