USD
USD
USD

Сәтпаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бернли» клубы сапында алғашқы марапатына ие болды.

Дастан Сәтпаев
Фото: instagram.com/burnleyofficial

Астана, NEGE. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы 1:1 есебімен тең аяқталған «Бернли» – «Мидлсбро» кездесуінде матчтың үздік ойыншысы атанды.

Форвард алаңда 81 минут ойнап, қақпаға екі рет дәл соққы бағыттады, ал пастарының дәлдігі 94 пайызға тең болды.

Бұл – қазақстандық футболшының ағылшын клубына ауысқаннан кейінгі алғашқы жеке марапаты.

Еске салсақ, тамызда «Челси» қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаевты ресми түрде өз ойыншысы ретінде таныстырып, алдағы маусымға «Бернлиге» жалға бергенін хабарлаған болатын.

«Бернли» Чемпионшипте – Англия футболындағы Премьер-лигадан кейінгі екінші деңгейлі дивизионда өнер көрсетеді. 

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова