24 Желтоқсан 14:49
...

Сенаторлар Сатаевты құттықтап, қос Роза қауышты

Қазақстан
Фото: ғаламтордан

Шоу-бизнесті жаңалықсыз елестету мүмкін емес. Тілшіміз солардың бірқатарын тізбектеп көрді. Жанар Дұғалованы ән сахнасынан неге көрмей кеттік деген тыңдарман болса, оның да жауабы белгілі болды.

Жанар Дұғалова актрисалық талантына басымдылық беруге бел байлады. Ғаламтордағы онлайн-арналардың бірінде өнер иесі басты рөлді ойнайтын «Жаңа Жанель» сериалы басталды. Режиссер Дамир Тастембеков таспалаған туындыда Дулыға Ақмолда, Әсел Исаева, Альфия Саттарова, Нора Нұғман, Санжар Мәди және Алтыншаш Шаяхмет ойнайды.

Дұғалова
видеодан скриншот

Жанар Дұғалова 2000-жылдардағы атышулы «Сладкая вата» дуэтінің танымал солисін сомдаған. Сахнадан кеткен соң ол Арман Оспановтың қолдауымен қайырымдылық қорымен айналысады. Алайда Арманды қамауға алғанда Жанельдің өмірі күрт өзгереді. Ол бәрінен айырылып, тақырға отырып қалады. Осы кезде одан дос-жаран атаулының бәрі теріс айналады. Сөйтіп  Жанель өз абыройын қайтару үшін музыкаға қайта оралады. Бар қызық туындының осы тұсынан басталады.

Алимжан
видеодан скриншот

Жаңажылдық кештердің біріне барған Нұран Әлімжан таңғалып қайтты. Ортаға шыққан оны қаумалаған жұрт жан-жаққа тартқылап, ән айтуға мұрша бермеді. Ардақ Талғатбекқызы есімді жас әнші желіге жүктеген бейнежазбадан Нұрланмен селфи жасамақ болған кеш қонақтарының бірі оның мойынын асылып алғанын көруге болады. Бірақ әнші ешкімнің кеудесінен қақпай, керісінше, сыпайылық танытып, күлімсіреп қана әнін жалғастыра берді.

Бадықова
astanatv.kz

Дариға Бадықова «Таптымау сені 2» туындысына түрлі жанрама жасаудан жалығар емес. Бірнеше күн бұрын шығарылымнан 1 млрд жинағанын жеткізген ол инстаграмдағы сторис арқылы фильмнің кинотеатрлар желісіндегі көрсетілімі аяқталуға шақ қалғанын айтып, «Ұнамай қалуы мүмкін емес» деп нүкте қойды.

«Монаға барып ұятқа қалмайық» деген сөзі үшін сынның астына қалған актриса бұл жолы да тайсалмады. Тіпті, өзінің жұмысын өзге әріптестерімен салыстырып, «Күшті фильм. Вертолет ұшырмасам да, шетелде түсірмесем де, өзіміздің менталитетке жақын күшті сюжетный фильм» деп мақтанды.

Саиаев
А.Сатаевтың инстаграм парақшасынан

Ақан Сатаев 53 жасқа толды. Бірақ белгілі режиссер жаңа жасының құрметіне орай той жасамады. Дегенмен, желіде туған күн иесін құттықтағандардың қарасы көп. Олардың арасында кино саласындағы аға буыннан бастап, Сатаев көгілдір экранға қанат қақтырған жас актерлер де бар.

«Аллаға шүкір! Құттықауларыңызға, тілектеріңізге, жылы сөздеріңіз бен қолдауларыңызңға рақмет!», – деп жазды Сатаев көпшілікке ризашылығын білдіре.

Айтпақшы, Ақанға желі арқылы жылы лебізін білдіргендер арасында жұрт нақсүйері деп жүрген актриса Альмира Тұрсын да бар. Тілегін орыс тілінде жеткізген ол сөз соңында «Құдай жарылқасын, бала-шаға немерелердің қызығын көр!» деп ағынан жарылды.

Сатаев
А.Сатаевтың инстаграм парақшасынан

Ал билік мінберінен Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Парламент Сенаты аппаратының басшысы Максим Споткай құттықтау хатын жолдаған.

Хиттердің көшін бастап тұрған «Istədim» әнімен танымал Әзербайжан әншісі, актриса Роза Зергерлінің есімі Роза Рымбаеваның құрметіне қойылған болып шықты. Роза Зергерлі 1979 жылы дүниеге келген кезде Роза Рымбаеваның орындауындағы «Любовь настала» жыл әні атанып жатса керек. Сол кезде Роза Қуанышқызының өнеріне ғашық болған Роза Зергерлінің әскери қызметтегі әкесі дүниеге келген қызын әнші болсын деген ниетпен Роза деп атауды жөн көріпті.

Рымбаева
видеодан скриншот

Қос Роза бас қосқан отырыста осыны айта отырып: «Мен Роза ханыммен кездесуді ұзақ күттім. Адамның есімі оның өміріне үлкен әсер етеді. Осы әйелді жақсы көріп, маған Роза деп ат қойғаныңа рахмет, әке», – деді әзербайжандық өнерпаз.

Ал біздің мақтанышымызға айналған Роза өз есімін аңыз адам Роза Бағланованың құрметіне қойылғанын айтты. Халық әртісі сөз соңын «Роза апамдай сұлу болмасам да, әнші болып шықтым» деп қалжыңмен қайырды.