USD
USD
USD

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Британдық актер Саша Барон Коэн «Борат» кейіпкері үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ол фильмдегі образдың Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін айтты.

Борат
Фото: Depositphotos.com/s_bukley

Астана, NEGE. Актер Happy Sad Confused подкастында Бораттың шыққан елі бастапқыда Қазақстан болмағанын мәлімдеді. Кейіпкердің алғашқы нұсқаларында Молдова мен Албания аталған.

Актердің сөзінше, Қазақстанды таңдауға сол кезде адамдардың бұл ел туралы аз білуі және ойдан шығарылған оқиғаларға сенуі мүмкін деген болжамы себеп болған.

Актер сондай-ақ, сол кездегі Қазақстан елшілігінің реакциясының негізсіз болмағанын мойындады.

«Бораттың рөлін алғаш ойнай бастаған кезімде Қазақстан елшілігінен шағым түсті. Шынын айтқанда, бұл шағым әбден орынды еді», – деді ол.

Сұхбат барысында Коэн қазақстандықтардан тікелей кешірім де сұрады. Ол Бораттың сөйлеу мәнері мен акцентінің Қазақстан халқына еш ұқсамайтынын атап өтті.

«Мені тыңдап отырған барлық қазақстандықтан кешірім сұраймын. Мен сіздердің сөйлеу мәнерлеріңізге еліктей алмаймын, өйткені қандай акцентпен сөйлейтіндеріңізді білмеймін. Сіздер Боратқа мүлде ұқсамайсыздар, солай ғой?» – деді актер.

Коэннің түсіндіруінше, кейіпкер арқылы ол Қазақстанды емес, өзі кездестірген адамдардың надандығын әшкерелеуді көздеген. Оның айтуынша, адамдар өздері бұрын естімеген ел туралы ақылға сыймайтын әңгімелерге де сенуге дайын болған.

Еске салайық, «Борат» фильмін 2006 жылы жарық көрген Ұлыбритания мен АҚШ бірлесіп түсірген. Фильмде Борат есімді қазақстандық журналист нәсілшілдік, антисемиттік және сексистік көзқарастарды ашық білдіреді. Ал Қазақстанның өзі шындыққа жанаспайтын, әдейі бұрмаланған сипатта бейнеленеді.

Фильм қазақстандықтардың наразылығын туғызып, елдің халықаралық беделіне қатысты пікірталасқа себеп болды.

Қазір оқып жатыр

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң